1934 жылдары «Ұйымшыл» және «Ынтымақ» болып құрылған ТОЗ еңбекшілерінің бастамасымен алғаш рет төрт жылдық мектебі ашылды. 1936 жылы мектептің аты «Мирзоян» бастауыш мектебі деп аталды.
1937 жылы «Алтынтөбе» бастауыш мектебі деп аталды.
1941 жылы латын алфавитінен орыс алфавитіне көшуіне байланысты білім беру жүйесіне Үрпеков Тұрсын деген азамат мұғалім болып қызмет атқарды.
1950 – 1953 жылдары «Алтынтөбе» бастауыш мектебіне Балықбаев Анарбек, Сауытов Байболат деген азаматтар мұғалім болып қызмет жасады.
1970 – 1971 оқу жылында «Алтынтөбе» бастауыш мектебі алғаш рет «Алтынтөбе» сегізжылдық мектебі болып ашылып, мектеп директоры болып Пазылов Мәлік қызмет атқарды.
1971 -1979 жылдар аралығында мектеп директоры болып Бердіқұлов Тастанбек қызмет жасады.
1979-1987 жылдары мектебімізге басшы болып Таубаев Сыдық есімді азамат тағайындалды.Осы жылдар аралығында «Алтынтөбе» сегізжылдық мектебіне 130 оқушыдан 200-ге тарта оқушы мектепке тартылды.
1987 -2007 жылдар аралығында «Алтынтөбе» жалпы орта мектебіне Қосанбаев Әсілбек есімді азамат басшылық жасады.
1990 -1991 оқу жылында «Алтынтөбе» сегізжылдық мектебі алғаш рет «Алтынтөбе» жалпы орта мектебіне айналды.
Қосанбаев Әсілбек мектеп басшысы болып тұрған кезде асарлату әдісімен 2002 жылы 6 сынып бөлмесі іске қосылып, мектептегі оқушылардың өз дәрежесінде білім алуына жағдай жасалды.
2007 - 2019 жылдар аралығында мектеп директоры болып Урисбаев Абдали тағайындалды. Осы уақыт аралығында жаңа мектеп құрылысы 2012 жылы басталып , 2013 жылы пайдалануға берілді.
2013 -2014 оқу жылы барысында мектебіміз 300 оқушыға арналып салынған жаңа типтегі оқу ғимаратында білім алып келеді.
2007 -2019 жылдар аралығында Урисбаев Абдали мырза мектебіміздің директоры болып жұмыс жасады.
2019-2024 жылдар аралығында Маханбетов Мұхтар мырза мектебіміздің директоры болып жұмыс жасады.
27.03.2024 жылдан «Алтынтөбе» жалпы білім беретін мектебінің директоры болып Байболатов Муханбет Жанбырбаевич мырза тағайындалды.
