Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Алтынтөбе ЖОББМ» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының

Қазығұрт ауданының білім бөлімінің

МЕНЮ

1934  жылдары  «Ұйымшыл»  және  «Ынтымақ»  болып  құрылған  ТОЗ  еңбекшілерінің  бастамасымен  алғаш  рет  төрт  жылдық  мектебі   ашылды. 1936  жылы  мектептің  аты  «Мирзоян»  бастауыш  мектебі деп аталды.

1937   жылы  «Алтынтөбе»  бастауыш  мектебі  деп  аталды. 

1941  жылы  латын  алфавитінен орыс  алфавитіне  көшуіне  байланысты  білім  беру  жүйесіне  Үрпеков  Тұрсын   деген  азамат  мұғалім  болып  қызмет  атқарды.

1950 – 1953  жылдары  «Алтынтөбе»  бастауыш  мектебіне Балықбаев  Анарбек,  Сауытов  Байболат  деген  азаматтар  мұғалім  болып  қызмет  жасады.

1970 – 1971  оқу  жылында  «Алтынтөбе»  бастауыш  мектебі  алғаш  рет  «Алтынтөбе»  сегізжылдық  мектебі  болып  ашылып, мектеп  директоры  болып  Пазылов   Мәлік  қызмет  атқарды.

1971 -1979  жылдар  аралығында  мектеп  директоры  болып  Бердіқұлов  Тастанбек  қызмет  жасады.

1979-1987 жылдары  мектебімізге  басшы  болып  Таубаев  Сыдық  есімді  азамат  тағайындалды.Осы  жылдар  аралығында  «Алтынтөбе»  сегізжылдық  мектебіне  130  оқушыдан  200-ге  тарта  оқушы  мектепке   тартылды.

1987 -2007  жылдар  аралығында  «Алтынтөбе»  жалпы  орта  мектебіне  Қосанбаев  Әсілбек  есімді  азамат   басшылық  жасады.

1990 -1991  оқу  жылында   «Алтынтөбе»  сегізжылдық  мектебі  алғаш  рет «Алтынтөбе»  жалпы  орта  мектебіне   айналды.

  Қосанбаев  Әсілбек мектеп  басшысы  болып  тұрған  кезде  асарлату   әдісімен  2002  жылы   6 сынып  бөлмесі  іске   қосылып,  мектептегі  оқушылардың   өз  дәрежесінде  білім  алуына  жағдай  жасалды.

2007  -  2019  жылдар  аралығында  мектеп  директоры  болып  Урисбаев  Абдали  тағайындалды. Осы  уақыт  аралығында жаңа  мектеп  құрылысы  2012  жылы  басталып ,  2013   жылы  пайдалануға  берілді.

2013 -2014  оқу  жылы  барысында  мектебіміз  300  оқушыға   арналып  салынған   жаңа  типтегі  оқу  ғимаратында   білім  алып  келеді. 
2007 -2019  жылдар  аралығында  Урисбаев  Абдали  мырза  мектебіміздің  директоры  болып  жұмыс  жасады. 

2019-2024 жылдар аралығында Маханбетов Мұхтар мырза мектебіміздің директоры болып жұмыс жасады.

27.03.2024 жылдан «Алтынтөбе»  жалпы білім беретін мектебінің директоры болып Байболатов Муханбет Жанбырбаевич мырза тағайындалды.

© 2026 «Алтынтөбе ЖОББМ» КММ Түркістан облысының білім басқармасының

Қазығұрт ауданының білім бөлімінің